10 қаңтар 2017 | 17:17

Алматыда полицейлер Сейфуллин даңғылының бойындағы секс-притондарды үш жылға мөрлеп тастады

© Алматы ІІД баспасөз қызметінен

Алматыда жезөкшелікпен айналысуға пайдаланылып келген екі притон жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІДД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жезөкшелікпен айналысуға пайдаланылып келген екі притон жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІДД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түрксіб ауданының жергілікті полиция қызметкерлері Универсиада-2017 өткізу қарсаңында жедел-алдын алу шараларын өткізді. Алматы полициясы мен сот орындаушылары жезөкшелікпен айналысу және заңға қайшы басқа да әрекеттерді анықтау мақсатында Сейфуллин даңғылының бойында орналасқан қонақүйлер мен пәтерлерді, сондай-ақ сағаттап жалға берілетін ғимараттарды тексеріп шықты.

Реклама
Реклама

"Ақтұмар" және Рихард Зорге көшесінде орналасқан үйге сүргі соғылды. Сот шешіміне сәйкес, олардың қызметі үш жылға тоқтатылған. Алайда, олардың заңсыз ашылып, жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Аталған қонақүй мен пәтерді мұның алдында учаскелік полицей анықтап, олардың иелері ҚР ӘК 450-бабының 2-тарауы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Бұл бап бойынша 340-тан 450 мың теңгеге дейін айыппұл салынады", - дейді Түрксіб аудандық ІІБ басшысы Жасұлан Тұрысбаев.

Қонақүйге тексеріс жүргізілген кезде оның ішінде жеңіл жүрісті сегіз қыздың болғаны айтылды. Ал тәулік ішінде АІІБ-ге 39 жезөкше жеткізілді. 

Полицейлер Сейфуллин даңғылының бойы мен оның маңындағы аудандарда тексеріс шаралары ары қарай да жүргізіле беретінін айтты.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная