ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қаңтар 2022 | 16:28
Алматыда пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды
Алматыда пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде қоғамдық резонанс тудырған видео жарияланды. Жазбада Алматының танымал сауда орталықтарының біріндегі фуд-кортта жас жігіт үстелге шығып, киімін шешіп, қатты айғайлай бастағаны көрінеді.
Жігіт ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі "Ұсақ бұзақылық" (қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлау, тұрғын үй-жайларды бүлдіру және басқаларды құрметтемеу, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот отырысында ол құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді.
"Әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін анықтау кезінде сот құқықбұзушылықтың нақты мән-жайын есепке алды. Бұл жол беруге болмайтын әдептілік ережелерін елемеу, айналасындағыларға құрмет көрсетпеу, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу бойынша болды", - деп мәлімдеді Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өкілі.
Бұған дейін полиция қызметкерлері метрода және сауда орталықтарының бірінде пранк ұйымдастырған жас жігітті іздей бастағаны туралы хабарланған болатын. Видеода жігіттің Алматы метросында телефон арқылы қалай дауыстап сөйлескені көрінеді. Тағы бір видеода сол жігіт эскалатордан өтіп, аяғымен эскалатор жақтауына сүйеніп, камераға айғайлайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также