22 маусым 2016 16:38

Алматыда прокурорлар балаларды жаппай сату ісі бойынша дәрігерлерді 9 жылға соттауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Алматыда Алматы облысы көпсалалы клиникалық ауруханасының босандыру бөлмесіндегі нәрестелерді жаппай сату ісі бойынша тараптарды қатар тыңдау басталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне осы іске қатысы бар әйелдердің бірінің қорғаушысы Айман Омарова хабарлады.


Алматыда Алматы облысы көпсалалы клиникалық ауруханасының босандыру бөлмесіндегі нәрестелерді жаппай сату ісі бойынша тараптарды қатар тыңдау басталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне осы іске қатысы бар әйелдердің бірінің қорғаушысы Айман Омарова хабарлады.

Оның айтуынша, прокурор айыпталушыларға қанша іске қатысы барына қарай әртүрлі уақыт мерзімін белгілеуді сұраған. "Аурухана қызметкерлерін 6 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған. Осы іске қатысы бар басқа да медициналық қызметкерлерге прокурор 6 жыл 8 ай уақытқа жазалауды сұрады. Сонымен қатар, олардың мүлкі тәркіленеді. Балаларды заңсыз түрде сатып алған адамдардың мүлкін тәркілеп, шартты түрде 6 жыл 8 ай уақытқа, балаларын сатқан аналарды 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Айта кетейік, балаларын сатпаған аналар сотқа куәгерлер ретінде келді", - деді қорғаушы Алматыда балаларды сату ісі бойынша өтіп жатқан жабық соттың мән-жайын айта отырып.

Еске салайық, Алматы облысын көпсалалы клиникалық аурухананың босандыру бөлімінің қызметкерлеріне 22 нәрестені сатты деген айып тағылған болатын. Ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл қылмыс сегіз жыл бойы жасалып келген. Тергеудің мәліметінше, дәрігерлер бір нәресте үшін 150 мың теңгеден 6000 долларға дейін сұраған. Біреулер баланы сатып алушыларды іздесе, біреулері жас аналарды балаларынан бас тартуына мәжбүрлеген екен. Алматы облысы көпсалала клиникалық аурухананың директоры Жұмахан Молдақұловтың айтуынша, қазір аурухананың барлық бөлімінде камера орнатылды. Босанған аналарды есепке алып отырамыз. Айта кетейік, бұл іс бойынша 32 адам - медициналық қызметкерлер, нәрестелерді сатып алушылар және оларды сатқан адамдар тергеліп жатыр. Оларға "Кәмелетке толмағандарды саудаға салу" бабы бойынша айып тағылып отыр.

Сонымен қатар, қорғаушы Айман Омарованың айтуынша, сотта босанған әйелдердің көпшілігі балаларын сатпағанын айтып отыр. Тергеу барысында кейбір әйелдердің босана салып, балаларынан бас тартқаны және ресми өтініш жазғандары анықталды. Кейінірек ол балаларды құқық қорғау органдарына тапсырудың орнына, бала асырып алушыларға сатқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети