Алматыда QI-Trade Kazakhstan қаржы пирамидасының екі директоры ұсталды

фото: Tengrinews.kz

Алматыда QI-Trade Kazakhstan қаржы пирамидасының екі директоры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда QI-Trade Kazakhstan қаржы пирамидасының екі директоры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының мәліметінше, QI-Trade Kazakhstan ЖШС-нің екі директоры – 1990 жылы туған С есімді ер адам, сондай-ақ 1994 жылы туған Б есімді ер адам ұсталып, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

"Олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі бойынша квалификацияланған. Бір күн бұрын сот қамауға алу түріндегі алдын алу шарасын санкциялады. Сонымен қатар, ЖШС-нің бас директоры – 1994 жылы туған С есімді ер адам халықаралық іздеуге салынғанын еске саламыз. Қазіргі уақытта оның тұрған жері мен ұсталуын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Компанияның қазіргі шоттарына шектеулер қойылды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттерін жәбірленушілер мен осы ЖШС-нің басқа қызметкерлері жүргізіп жатыр. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне сотқа дейінгі тергеу органы заңды баға береді", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустем Абдрахманов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама