14 қыркүйек 2022 | 13:34

Алматыда Qozgan inc. қаржы пирамидасы анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы қаласында Qozgan inc. ЖШС ретінде тіркелген қаржы пирамидасы анықталды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігінен мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласында Qozgan inc. ЖШС ретінде тіркелген қаржы пирамидасы анықталды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігінен мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Qozgan inc. ЖШС қаржы пирамидасының қызметіне тосқауыл қойды. ЖШС инвестициялық компания атын жамылып, Қазақстан Республикасының тендер алаңында мемлекеттік және жеке сатып алуларға қатысып келген.

"Ұйымдастырушылар сенгіш азаматтарға 105 күн ішінде салым сомасының сыйақысы 5-тен 30 пайызға дейін болатындай, ақшалай қаражатты тендерлік жобаларға салуды ұсынған.

Салымшылардың жалпы саны 100-ден асады. Қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталып жатыр.

Қазіргі уақытта Qozgan Inc. компаниясының екі ұйымдастырушысына қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп, 2 айға дейін "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

ҚР ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная