13 шілде 2022 | 09:20

Алматыда ірі есірткі зертханасы анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ҰҚК

Алматыда жасырын ірі есірткі зертханасы анықталып, жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жасырын ірі есірткі зертханасы анықталып, жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Операция барысында "Альфа-PVP" синтетикалық есірткісін қолдан жасау және интернет-ресурсы арқылы Алматы қаласы және ҚР басқа да өңірлеріне сатуды ұйымдастырған екі азамат ұсталды. Қабылданған шара нәтижесінде, 2022 жылғы 29 маусымында Алматы қаласы мен қала маңайында шамамен 16 келі "Альфа-PVP", кристалдану сатысындағы 15 келі есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді", - делінген хабарламада.

Қолға түскен есірткі заттарының "қара нарықтағы" құны жарты миллиард теңгеден асады.

Реклама
Реклама

Факт бойынша ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті соталды тергеу материалдарын ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-тармағы бойынша СДТБТ-ға тіркеген.

Сурет: ҰҚК

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная