28 ақпан 2022 | 15:14

Алматыда ірі есірткі зертханасы әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Алматыда ірі есірткі зертханасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ірі есірткі зертханасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Синтетикалық есірткі дайындайтын цех Қалқаман шағынауданындағы жеке үйдің жертөлесінде орналасқан. Үй былтыр қазанда ер адамға жалға берілген.

"Тінту кезінде полиция қызметкерлері мефедрон синтетикалық-психотроптық затын өндіру кезінде қылмыскерлер пайдаланған ұнтақ және кесек заттарды, химиялық заттар салынған пластик ыдыстарды, сұйықтықтары бар колбаларды, электрон таразыларды және басқа да құралдарды тәркіледі. Есірткі шығаруға жауапты - 23 жастағы О. есімді азамат. Толық емес медициналық білімі бар жас жігіт есірткі өндірісін жолға қойған. Барлығы есірткі зертханасында бірнеше келі кептірілген заттар тәркіленді. Олардың түсі әртүрлі: ақ, қара, жасыл, қоңыр. Бір қаптама қоңыр "шөптің" салмағы шамамен 160 грамм, ақ - 500 грамм. Бұл дайын өнім және оны дозаға сай орау керек болды. Жертөледен табылғанның бәрі: сұйық, кристал және ұнтақ күйінде, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Соталды тергеу басталды", - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная