13 шілде 2021 | 12:05

Алматыда ірі қаржы пирамидасының сыбайласы ұсталды

Фото: TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов

Алматыда ірі қаржы пирамидасының сыбайласы қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ірі қаржы пирамидасының сыбайласы қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлімі 2-тармағына сәйкес соталды тергеу тізілімінде тіркелген қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша "ASTEX.KZ" ЖШС, "ACD technology" ЖШС, "MUDARABAH CAPITAL" ЖШС және "MUSHARAKAH CAPITAL" ЖШС қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде, Алматы қаласының полициясы "ACD Tehnology" негізін қалаушы 1971 жылы туған М. есімді азамат ұсталғанын хабарлады.

"Бұған дейін басты ұйымдастырушы К. есімді азамат ұсталып, қамауға алынғаны айтылған еді. Кейінірек тағы екі күдікті – Р. есімді әйел мен М. есімді ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеуді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының тергеушілері жүргізіп жатыр. Жоғарыда аталған ЖШС жұмысшыларының қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендер болса мына телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады: 8 777 025 65 86 және 8 701 624 28 24", -  деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін алматылықтар танымал тележүргізуші мен вайнерлер жарнамалап жатқан қаржы пирамидасына шағымданған болатын. 

Алматы тұрғыны Сәкен Нұрахметов Instagram әлеуметтік желесінде түрлі блогерлер парақшасына тіркелгенін айтты. Олардың бірінің парақшасынан ол Mudarabah Capital компаниясына "тиімді ислам инвестициялары" туралы бейнеролик көрген. Жарнама видеосына вайнер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзім Саидбаев түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная