25 мамыр 2021 18:00

Алматыда ірі көлемде есірткі сатқан ер адам ұсталды

Видеодан алынған

Алматыда ірі көлемде мефедрон есірткісін сатқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ірі көлемде мефедрон есірткісін сатқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел деректер бойынша, Қостанай облысының 30 жастағы тумасы бірнеше ай бойы психотроптық және есірткі заттарын тарату бойынша есірткі курьері болып жұмыс істеген.

"Осы уақыт аралығында ол курьерден сатушыға дейін көтерілген. Ер адам есірткі тасымалдау кезінде ұсталды. Патрульдік қызметкерлер тұтқындау кезінде одан 22 орам психотроптық заттарды тапты және тәркіледі. Күдікті осыған ұқсас 13 орама табылған және тәркіленген орынды көрсетті. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат "мефедрон" психотроптық заты екені анықталды", - деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.

Реклама
Реклама

Бұл факт бойынша соталды тергеу ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес тіркелді. Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram