Алматыда Ресейден қашқан есірткі сатушы ұсталды

Polisia.kz

Алматыда шетелдік есірткі сатушы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда шетелдік есірткі сатушы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

26 жастағы Станислав Конаков, есірткі қылмысын жасағаны үшін Ресей Федерациясы ІІМ-мен мемлекетаралық іздеуге жарияланған.

"Сот оған бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу туралы шешім қабылдаған болатын. Алайда, күдікті қашып кеткен. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қашқынды Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Ол қаладағы тұрғын үйлердің бірінде жасырынып жүрген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама