ПОДЕЛИТЬСЯ
23 ақпан 2023 | 12:36
Алматыда сабақ үстінде теңіз шошқасын өлтіру оқиғасы: қылмыстық іс қозғалды
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Алматыдағы мектептердің бірінде сабақ үстінде теңіз шошқасын өлтіру оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысында Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары балалардың көзінше теңіз шошқасын өлтіру оқиғасына полиция мүдделі екенін айтты.
"Бұл іске байланысты Алматыда қылмыстық іс қозғалды. Мұғалім жұмыстан кетті. Тергеу барысында бұл іске оның не үшін барғаны анықталып, дәлелге сәйкес шешім қабылданатын болады", - деді Қожаев.
Еске салайық, Желіде Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде оқушылар мен мұғалімнің теңіз шошқасын кесіп, іш-құрылысын ақтарып жатқан видеосы тараған болатын.
Видеода теңіз шошқасын алдымен басынан ұрып өлтірілгені, кейін скальпельмен іш-құрылысын ақтарып жатқаны көрінеді. Видеоға қарағанда, бұл оқиға биология сабағында өтіп жатқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также