03 қыркүйек 2021 14:04

Алматыда сатушылардың 30 миллион теңгесін алдап алған әйел ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
© REUTERS

Алматыда ұялы телефон сатушыларын алдап, 30 миллион теңгесін алып кеткен әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ұялы телефон сатушыларын алдап, 30 миллион теңгесін алып кеткен әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы Алмалы ауданының полициясы мәліметінше, 22 жастағы әйел көтерме жеткізушілерден мобильді құрылғыларды алып, нәтижесінде телефон да, ақша да жоқ, ізін суытқан. Ол жәбірленушілермен ұялы телефон сатушысы ретінде танысқан.

"4 жеке кәсіпкер полицияға ресми түрде арызбен жүгінді, келтірілген материалдық шығын 30 миллион теңгеге бағаланды. Күдікті ұсталды және ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның жеке басының басқа да осыған ұқсас әрекеттерге қатыстылығы тексеріліп жатыр. Осыған байланысты, нөмірлерімізді жарияладық, сол арқылы басқа да жәбірленушілер тергеушілерге хабарласа алады: 8-708-707-92-02 және 8-705-555-77-63", - деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram