Алматыда сегіз тонаушы ұсталып, теледидарлар мен планшеттер тәркіленді

viewings icon 1862
comments icon 0

Алматы полициясы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан сегіз адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала комендатурасына сілтеме жасап.

Алматы полициясы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан сегіз адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала комендатурасына сілтеме жасап.

Қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде полиция 18 бен 25 жас аралығындағы сегіз ер адамды ұстаған, бәрі Талдықорған мен Жамбыл облысынан келген. Пәтерді тінту кезінде тәртіп сақшылары цифрлық техникалар: теледидарлар, планшеттер, моноблоктар, сондай-ақ әскери амуниция тәркілеген.

Ұсталғандардың айтуынша, олар бірге пәтер жалдап тұрады, құрылыста жұмыс істейді. Қазір олар қалаға не себеппен келгені, басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Есет Төлеш
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная