27 қараша 2018 | 19:14

Алматыда шетелдіктерге қызмет көрсететін жезөкшелері бар караоке анықталды

видеодан үзінді

Алматыда Оңтүстік Корея азаматтары караоке-бар ретінде секс-притон ашқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "SТOP трафик" жедел профилактикалық шарасы барысында осы қылмыс түрі анықталды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Оңтүстік Корея азаматтары караоке-бар ретінде секс-притон ашқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "SТOP трафик" жедел профилактикалық шарасы барысында осы қылмыс түрі анықталды. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ғимаратта шетелдіктерге интим қызмет көрсетілген. ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың айтуынша, жеңгетайлық ісімен айналысқандардың әрекетіне шектеу қойылды. 

Реклама
Реклама

Өз кезегінде Астанадағы вокзал маңында ақылы интим қызмет көрсеткен 7 қызы бар притон анықталды. Ұсталған қыздардың барлығы Өзбекстан азаматшасы, әрқайсына көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалды. 

Сонымен қатар, Өзбекстан ІІМ өкілі олармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Әкімшілік сот шешімі бойынша, үш қыз елден шығарылды. 

Жалпы, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанда жүргізілген операциялар барысында адам саудасына байланысты 95 қылмыстық іс анықталған. 

Айта кетейік, 2018 жылы наурызда Алматыда қонақ үй кешенінде караоке-бар ретінде ашылған притонның директоры мен әкімшісі сот үкімімен үш жылға бас бостандығынан айырылды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная