ПОДЕЛИТЬСЯ
02 тамыз 2021 | 17:41
Алматыда синтетикалық есірткі сатқан тұрғын ұсталды
Алматыда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 42 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 42 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, ер адам бірнеше ай бойы психотроптық заттарды сатқан. Мамырда полиция қызметкерлері ер адамды жедел шара кезінде ұстады.
Құқық қорғау органдары есіртік сату тізбегінің басқа да мүшелерін анықтау үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы "Есірткі заттарын заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту немесе өткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ұсталған тұрғын Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Айта кетейік, бұған дейін полиция Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің бірінен есітркі зертханасын ашқан биотехнологті ұстаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также