09 қазан 2021 | 12:36

Алматыда Skoda жүргізушісі 12 жастағы қызды қағып өлтірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

 Алматыда Skoda жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп 12 жастағы қызды қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Алматыда Skoda жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп 12 жастағы қызды қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 8 қазан сағат 18.30-да Skoda Rapid жүргізушісі Нұрлытау ықшамауданынан Сапаржол көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, 5 "А" үйіне қарама-қарсы жаяу жүргіншіні қағып кеткен, ол деректер бойынша рұқсат етілмеген жерді кесіп өткен.

"Осы ЖКО салдарынан 2009 жылы туған жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Реклама
Реклама

Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram