29 сәуір 2021 09:07

Алматыда сот төрағасы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Алматыда сот төрағасына қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда сот төрағасына қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімі мен Алматы бойынша ҰҚК департаменті Медеу аудандық сотының төрағасына қатысты бірлескен тексеру жүргізді.

"Нәтижесінде ҰҚК департаменті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы ("Алаяқтық" - ескерт.) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бас прокурор соталды тергеуді жалғастыруға келісім берді.

Сот төрағасы мүдделі тұлғаларға олардың пайдасына сот шешімдерін шығаруға көмек көрсетумен байланысты алаяқтық әрекеттер жасады деп күдікке ілінді", - деді сотта.

Реклама
Реклама

Тінту кезінде одан қомақты сомадағы ақша табылып, тәркіленген.

Қалалық сот мәліметтері бойынша, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram