30 қыркүйек 2017 12:48

Алматыда студенттер егде жастағы профессорды соққыға жығып, үйін тонап кетті

© almaty.tv

Алматыда бес студент профессорды соққыға жығып, үйін тонап кетті. Осы дерекке қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілердің мәселесі 6 айдан бері ауданаралық сотта қаралып жатыр. Істің сиырқұйымшақтануына - жәбірленушінің алған жарақаты себеп болған. Соқпалдай жігіттердің соққысынан оқытушының 9 қабырғасы сынып кеткен, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрақты табыс көзі жоқ 5 студент осыдан бірнеше ай бұрын профессордың үйіне ұрлыққа түсіп, ұстаздарын соққыға жығып кетіпті. Онымен қоймай, бас-аяғы 23 миллион теңгеден аса ақшасын қолды қылған. Бұл іске бармас бұрын олар өзара сөз байласып, баспанада ірі көлемде ақшаның бар екендігін білген. Жымысқы ойларын жүзеге асыру үшін тіпті жол-жөнекей дәріханаға кіріп, медициналық бет перде мен қолғап та сатып алған көрінеді. Бастапқыда қылмыстық істе жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алды деп қарастырылған. Бірақ кейін оның 9 қабырғасына зақым келгені анықталған.  

Реклама
Реклама

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram