ПОДЕЛИТЬСЯ
05 ақпан 2022 | 15:44
Алматыда студенттер жаппай тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ дүкенін тонағанын мойындады
Алматыда қару-жарақ дүкенін тонап кеткендер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда қару-жарақ дүкенін тонап кеткендер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жолы Алматыдағы жоғары оқу орындарының екі студенті бөтеннің мүлкіне қол сұққан.
"Бұл Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны. Олар 20 жаста. 6 қаңтарға қараған түні қаскөйлер қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан. Олар сол жерден қару-жарақ, оқ-дәрі, арнайы техника және басқа да құрылғыларды ұрлаған. Күдіктілер кінәларын мойындап, қылмысты қалай жасағандарын айтып берді. Олар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тексеру жалғасып жатыр", - деді Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.
Полицейдің айтуынша, ұсталғандар жаппай тәртіпсіздік кезінде болған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также