09 наурыз 2021 17:00

Алматыда тағы бір притон әшкере болды

Видеодан алынған кадр

Алматыда массаж салонының атын жамылып жұмыс істеген тағы бір жезөкшелер үйі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда массаж салонының атын жамылып жұмыс істеген тағы бір жезөкшелер үйі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Медеу ауданында интим сипаттағы қызметтер көрсететін жезөкшелер үйі анықталды. Онда 20-дан 33 жасқа дейінгі қыздар ақшалай сыйақы үшін өз клиенттеріне боди массаж жасаумен айналысқан.

Реклама
Реклама

"Мұндай массаж процедурасының құны шамамен 20 мыңнан 40 мың теңгеге дейін тұрады. Жеке үйдің ғимаратында алкоголь ішімдіктерге толы бар мен демалыс бөлмелері болған. Жеті қыздың алтауы - әр облыстан келген отандасымыз, ал біреуі - Өзбекстан Республикасының азаматшасы. Мұндай боди массаж интим қызмет түрі деп саналады және жезөкшелікпен теңестіріледі, сәйкесінше мұндай қызмет түрін ұсынушылар базаға жезөкшелікпен айналысатын адамдар ретінде енгізіледі. Жеке басын анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін барлық "массаж жасаушы" полиция басқармасына жеткізілді, - деп хабарлады Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram