ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қаңтар 2022 | 08:46
Алматыда тағы бір тонаушы ұсталды
Полиция қызметкерлері ірі құрылыс супермаркетін тонауға қатысқан ер адамды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Полиция қызметкерлері ірі құрылыс супермаркетін тонауға қатысқан ер адамды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 41 жастағы күдіктінің көлігін тінту кезінде ұрланған құрылыс материалдары мен құралдары табылған.
"Заттай айғақтар тәркіленіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті қамауға алынды", - деді полицейлер.
Бұған дейін Алматыдағы екі қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен Жамбыл облысының 44 жастағы тұрғыны мен Алматы облысынан келген 24 жастағы ер адам ұсталған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также