Алматыда тағы да қарақшылар ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы полициясы Алматыда болған тәртіпсіздікпен, тонауға қатысы бар тағы 10 қарақшыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полициясы Алматыда болған тәртіпсіздікпен, тонауға қатысы бар тағы 10 қарақшыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы комендатурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталғандардың сегізі Жамбыл облысынан, екеуі Талдықорғаннан. Оларды Алмалы ауданының полиция қызметкерлері Байтұрсынов көшесіндегі жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстаған. 

Қарақшылардың үлкені 25 жаста, кішісі 19-да.  Пәтерден тұрмыстық техника дүкенінен ұрланған бірнеше заттар табылған.

Реклама
Реклама

Алдын ала тергеу мәліметіне сәйкес, ұсталғандар бірнеше күн бұрын Алматыда болған тәртіпсіздікпен, тонаудың белді мүшелері болғаны анықталған. Күдіктілер қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама