20 мамыр 2020 | 17:14

Алматыда танымал сериалдың фанаттары заң бұзғаны үшін жазаланды

Видео кадрынан

Алматыда жанармай бекетінде дрифт жасаған үш жас жігіт жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жанармай бекетінде дрифт жасаған үш жас жігіт жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерді бақылау барысында жастар жиналып, көліктерінде дрифт жасаған жері жарияланды. Роликтен кей адамның испаниялық танымал La Casa de Papel ("Қағаздан жасалған үй") сериалының бас кейіпкерлері секілді киінгенін көруге болады. 

Реклама
Реклама

"Бейнематериалды зерттеп, қатысушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Кейбір жастардың көлік жүргізуді және экстремал болуды қалайтыны түсінікті. Бұл әрекеттер ешқандай жағдайда ҚР заңдарына қайшы келмеуі керек", - дейді Алматы қалалық ПД жергілікті Полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаров.  

Жастар әрекетін арнайы бөлінген жерде емес, адамдар көп болатын жанармай бекетінің аумағында жасаған.

"Құқық бұзушы бір нәрсе дұрыс болмай қалса, оның салдары қандай болатынын ескермейді. Мысалы, егер дрифт кезінде автокөлік адамдар тұрған бағытқа қарай қозғалып кетсе немесе көлік қозғалтқыштың қызып кетуіне байланысты өрт болып кетсе, оның үстіне жанармай бекетінде. Дөңгелектің астынан ұшқан таста біреудің көзіне түсуі мүмкін, ал бұл асфальт бетіне зақым келтіреді, осының өзі әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады", - деді Саттаров.

1997 жылы туған Ш., 1999 жылғы М. және 1997 жылғы Ч. есімді жас жігіттер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 630-бабы 1- бөліміне (жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру ) сәйкес жауапкершілікке тартылды. Жол ережесін қатаң сақтау туралы жастармен түсіндіру әңгімесі өткізілді. Бұл аймақ ерекше бақылауға алынды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная