Алматыда тапсырыспен көлік өртеген күдіктілер ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда тапсырыспен көлік өртеген күдіктілер ұсталды

Алматыда тұрғынның көлігін әдейі өртегендер мен оған тапсырыс беруші анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда тұрғынның көлігін әдейі өртегендер мен оған тапсырыс беруші анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға мамырдың аяғында болған. 33 жастағы әйелге тиесілі "Киа" маркалы көлікті үш адам әдейі өртеп жіберген. Зерттеу кезінде жанғыш сұйықтық пайдаланылғаны анықталған.

"Күдіктілер дереу анықталды. Олар көлікті өртеу дерегін мойындады және А. есімді азаматша тапсырыс бергенін айтты. Әйел оларға 400 мың теңге сомасында сыйақы ұсынған. Қылмыс жасағандар ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды және қамауға алынды. Тапсырыс берушінің әрекеттері ҚР ҚК-нің 28-бабы 3-бөлігі, 202-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу органы А. есімді азаматшаға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі шара қолдануды ұйғарды", - деді Алматы қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама