Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 13 экобекет өртенді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 13 экобекет өртенді Фото Жасыл экономика басқармасынан

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 13 экобекет өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігі Жасыл экономика басқармасы өкілі тәртіпсіздік кезінде 13 экологиялық бекет өртенгенін, төртеуі тоналып, бұзылғанын, тек екі бекет өзгеріссіз қалғанын мәлімдеді.

Жарнама
Жарнама

Қазір бүлінген төрт бекетті қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Апта аяғына дейін бұл жерлер де қалпына келтіріледі, бірақ қалғандарына уақыт қажет. Өртенген экологиялық бекеттер бөлшектеліп, жаңартылған бекеттерді орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Бекеттер қалпына келтірілгеннен кейін қызметкерлер жұмысты жалғастырады. Алайда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін уақытша айыппұл салынбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама