06 маусым 2019 | 09:14

Алматыда тек әйелдерді тонаумен айналысқан ер адам ұсталды

Алматыда тек әйелдерді тонаумен айналысқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайлы Almaty.tv тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда тек әйелдерді тонаумен айналысқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайлы Almaty.tv тілшісі.

Телеарнаның мәліметінше, полицейлер 30 жастағы ер адамды кезекті құрбанының құнды заттарын алып қашып бара жатқан жерінен ұстаған. Осылайша, ер адамның 8 бірдей қыз-келіншекті ұрып-соғып, сөмкесі мен ұялы телефонын тонағаны анықталып отыр.

Реклама
Реклама

Ол түн ішінде көпқабатты үйлердің аулаларында жалғыз келе жатқан қыз-келіншектерді тарпа бас салып, сөмкелерін алып қашқан. Оның тек бір адамға келтірген шығыны шамамен 150 мың теңге төңірегінде екен. Қазір ол тергеу абақтысында.

"ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының нормалары бойынша 3 жылдан аса мерзімге бас бостандығынан айыру мерзімі көзделуде. Бірақ бұл ер адамның қолынан бірнеше қылмыстың жасалуы жазаны ауырлатуы мүмкін. Қазірдің өзінде одан зардап шеккен 8 адам анықталып отыр, бұл тізім көп болуы мүмкін", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная