Алматыда тергеу изоляторынан қашқан ер адам 2 айға қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда тергеу изоляторынан қашқан ер адам 2 айға қамауға алынды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыда тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскер екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскер екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәліметінше, 16 қазанда сот шешімі бойынша тергеу органдарының С.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылған.

Еске салайық, бұған дейін қылмыскер ЛА-155/18 мекемесінен қашып кеткен болатын. Полиция оны 15 қазанда ұстады.
 
Полицейлердің айтуынша, ұсталған ер адам биыл қыркүйекте адам өлтіргені үшін Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама