18 тамыз 2020 | 17:28

Алматыда төрт полицей ұсталды - ПД басшысы пікір білдірді

Фото: Ярослав Радловский

Алматы полициясы департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қоластындағылардың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полициясы департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қоластындағылардың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә, біздің қызметкерлер ұсталды, тәртіптік комиссия құрылды. Төрт басшы қызметінен босатылды. Ия, мұндай жағдай біздің қызметкерлерімізге жараспайды, біз түсінеміз. Осы сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша біз жұмыстар жүргіземіз, - деді Қанат Таймерденов.

Реклама
Реклама

Еске салайық, мұның алдында Антикоррупция қызметі төрт полицейдің ұсталғанын айтқан еді.

"8 тамызда Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 800 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат алып жатқан Алматы қаласы полиция департаментінің процессинг орталығының басшысы мен қызметкерін ұстады, олар 2017 жылдан бастап жалған сот орындаушысымен сөз байласып, жол қозғалысы ережелерін бұзушылардан ақшалай қаражат алып, оны өздеріне беріп отырған", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная