Алматыда түн ішінде балғамен көліктерді қиратқан тұрғын ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда түн ішінде балғамен көліктерді қиратқан тұрғын ұсталды Видеодан алынған

Алматыда ер адам көліктерді балғамен қиратып, көпқабатты үйдің терезесін сындырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда ер адам көліктерді балғамен қиратып, көпқабатты үйдің терезесін сындырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті тұрғындар полицияға жүгініп, 37 жастағы ер адам түнде Рысқұлов көшесі маңында бес көлікті қиратқанын айтқан. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ер адам ұсталды.

Полиция деректі Алматы қаласы Жетісу аудандық полиция басқармасы тергеп жатқанын және ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін мәлім етті.

Реклама
Реклама

"Жәбірленушінің алған жарақаттары және келтірілген шығын дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады. Басқа жағдайлар анықталып жатыр", - деді полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама