ПОДЕЛИТЬСЯ
26 желтоқсан 2020 | 11:51
Алматыда түнгі клубқа кіреберісте ер адам қаза тапты
Алматыда түнгі клубқа кіреберісте ер адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда түнгі клубқа кіреберісте ер адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 26 желтоқсанға қараған түні Алмалы ауданында түнгі клубқа кіреберісте болған.
"Таныстар арасында болған жанжал салдарынан 1991 және 1992 жылғы екі ер адамға пышақ сұғылды. Зардап шеккендердің бірі, өкінішке қарай, оқиға болған жерде көз жұмды", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Ақпарат бойынша, 1985 жылы туған күдікті "ізін суытпай" ұсталған.
"Үш ер адам бірге уақыт өткізгені анықталды. Ішімдік ішіп отырып туындаған сөзге келіспеушілік арты жанжалға ұласқан.
Аталған факт ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қылмыстық істі Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы жүргізеді", - деп қорытындылады полиция өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также