ПОДЕЛИТЬСЯ
09 шілде 2021 | 15:23
Алматыда туркомпания 143 вакцинация паспортын қолдан жасаған - ІІМ
Қажыларға жалған вакцина паспорттарын дайындаған туристік компания әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қажыларға жалған вакцина паспорттарын дайындаған туристік компания әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Жыл басынан бері ішкі істер органдары ПТР-тестілеу нәтижелері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасаудың, сондай-ақ оларды пайдаланудың 30 жағдайын тіркеді.
Мысалы, Алматы қаласында қажылардың Сауд Арабиясы Корольдігіне кетуін рәсімдеу кезінде вакцина паспорттарын (143 паспорт) жаппай дайындауға қатысы бар туристік компания анықталды. Соталды тергеу жүріп жатыр, тінту іс-шаралары барысында ұйымдастыру техникасы, мөрлер, бланк өнімдері алынды, сот сараптамалары тағайындалды", - делінген полиция хабарламасында.
Еске салайық, жалған құжат дайындағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также