13 қазан 2018 | 12:45

Алматыда ҰҚК аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады

©РИА Новости

Алматыда ІІМ мен Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіндегілерге сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ІІМ мен Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіндегілерге сілтеме жасап. 

2018 жылы 10 қазанда Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп, Алматы облысының тұрғыны К.Әлиев бастаған аса қауіпті қарулы ұйымдасқан қылмыстық тобы ашылды. 

Реклама
Реклама

Сурет: knb.kz

"Арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың жетекшісі К.Алиев пен оның 5 белсенді қатысушысы: Т.Алиев, А.Дартаев, Д. Терешин, С.Дедик және Ж.Қалтай ұсталды", - деді  Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер.

Комитеттің мәліметінше, қылмыстық топтың негізін бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлері құраған. Олар 2018 жылы 13 қыркүйекте Жамбыл облысының Отар станциясында 107 мың доллар, 4 миллион рубль және 23 мың еуроға кәсіпкер Р. Агагуллинді тонап, оған қарулы шабуыл жасаған. 

Іздестіру іс-шаралары барысында ұсталғандардан 8 тапанша мен мылтық, 140 бірлік оқ-дәрілер, радиостанциялар, жалған автокөліктер, мата маскасы, кісен және тағы да басқа шабуылдың құралдарыы табылып, тәркіленді.

Қазір тергеу және жедел қызмет іс-шаралары өткізіліп жатыр.

 




Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная