17 қараша 2021 12:10

Алматыда ҰҚТ антибиотиктер мен дәрумендерді қолдан жасаған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары мен ұйымдастырушылары күмәнді дәрілік препараттардың 60 мыңнан аса қабын дайындағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары мен ұйымдастырушылары күмәнді дәрілік препараттардың 60 мыңнан аса қабын дайындағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған дәрілік препараттарды дайындау бойынша ірі астыртын цех ұйымдастырған ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Жедел іс-шара нәтижесінде  60 000 аса қапталған  "Ротоцеф", "Солкасерил", "Кальций Д3 никомед", "Цераксон" және т. б. атауларымен шыққан күмәнді дәрілік препарат тәркіленген.

Реклама
Реклама

"COVID-19 кезеңінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласы бойынша департамент қызметкерлері дәрілік препараттарға арналған қорапшаларды дайындайтын баспахана мен заңсыз өнімдерді сақтауға арналған қойма, сондай-ақ, одан әрі тексеру кезінде Алматы облысының Іргелі кентінде астыртын цехт анықталды", - делінген хабарламада.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген дәрілік препараттардың жалпы құны 250 миллион теңгеден асады.

Сот үкімімен үш айыпталушы ҚР ҚК 262-бабы 1-бөлігі (Ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу); ҚР ҚК 323-бабы 3-бөлігі (Жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу) бойынша кінәлі деп танылып, 5,6 жылдан 7,6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram