11 қаңтар 2022 14:19

Алматыда ұрланған қару жасырылған орын анықталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Алматыда полиция қызметкерлері тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақ жасырылған орынды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық комендатураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полиция қызметкерлері тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақ жасырылған орынды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық комендатураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұрланған қаруды Алматы облысының 18 жастағы тұрғыны жасырғаны белгілі болды. Оны Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері ұстады. Тергеу кезінде жігіт қару сататын дүкендерді тонауға қатысқанын мойындады.

"Ұрланған мылтықтар карьерлердегі жасырын орында сақталғаны анықталды. Қазір оның қаладағы тәртіпсіздіктер кезіндегі басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау, заңсыз сақталған басқа да қару-жарақтарды тәркілеу бойынша жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram