06 желтоқсан 2021 | 09:51

Алматыда үй кіреберісінде балалар арбасына дәрет сындырған тұрғын ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

44 жастағы ер адам "Саяхат" автовокзалы ауданында пәтер жалдап тұрады. Іс материалдары сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

44 жастағы ер адам "Саяхат" автовокзалы ауданында пәтер жалдап тұрады. Іс материалдары сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полициясы мәліметінше, "Жас қанат" ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде кіреберісте тұрған балалар арбасына дәрет сындырғаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған ер адамның жеке басы анықталды.

"Видео резонанс тудырды. Біз бейнебақылау камераларына түсіп қалған видеоны мұқият зерттедік. Айыпталушы ол ауданның тұрғыны емес екен. Оның жеке басы біраз уақыттан кейін анықталды. Бүгін ұсталды. Бұл Саяхат автовокзалының ауданында пәтер жалдап тұратын 44 жастағы азамат. Бұрын ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - деді Түрксіб аудандық полиция бөлімінің бастығы Еркін Амантаев.

Реклама
Реклама

Ұсталған тұрғынның өзі мас күйде болғанын айтты. ҚР ҚК-ның 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

Еске салайық, 3 желтоқсанда алматылық тұрғын көпқабатты үйдің кіреберісінде тұрған балалар арбасына дәрет сындырған видео жарияланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная