Алматыда үйіне мефедрон мен тапанша жасырған ер адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Алматыда мефедрон мен Макаров тапаншасын жасырған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда мефедрон мен Макаров тапаншасын жасырған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПД мәліметінше, арнайы іс-шараны Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері полицияның арнайы жасақтары көмегімен жүргізген.

"Жедел-іздеу іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы Г. есімді азамат ұсталды. Оның тұрғылықты жеріне тінту жүргізу кезінде ақ түсті ұнтақ заты бар екі полиэтилен бума және төрт оқ-дәрі, Макаров тапаншасы табылды және тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат "мефедрон" синтетикалық есірткісі. Мамандардың айтуынша, тәркіленген тапанша ұңғысын ауыстыру арқылы оқ атуға арналған атыс қаруы болып есептеледі. Қару атуға жарамды", - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Реклама
Реклама

Дерек бойынша қылмыстық іс  ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама