ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қараша 2020 | 10:32
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүлкі жойылған сәт видеоға түсірілді
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топқа тиесілі 230-дан аса ойын терминалы жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топқа тиесілі 230-дан аса ойын терминалы жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Қаржы мониторинг комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қалалық сот орындаушылармен бірлесе отырып, қылмыстық істер бойынша тәркіленген ойын терминалдарын жою шарасын өткізді.
Шара барысында Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топпен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 6 азаматқа қатысты қылмыстық іс бойынша соттың үкіміне сәйкес 230-дан аса ойын терминалы жойылды.
"Олар заңсыз екі ойын залын ашып, 60-тан аса ойын орындарында терминалдарды (дүкендерде, көлік жуу орындардында, компьютер клубтарында, базарларда) орнатқан.
Сондай-ақ, ойын терминалдарын жасап келген қоймалар анықталған болатын.
Іс бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі қылмыстық істер бойынша Арнайы мамандандырылған сот үкімімен ҚР ҚК 307-бабының 3-бөлігі ("Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру"), 262-бабының 1,2-бөлігі ("Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару"), 367-бабының 4-бөлігі ("Қылмыстық топпен пара беру") деректері бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды", - делінген комитеттің хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также