Алматыда заңгер әйелдің өліміне қатысты тергеу аяқталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Алматыда танымал заңгер Айман Асанованың өліміне қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда танымал заңгер Айман Асанованың өліміне қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратура Асанованы өлтіру дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша Алмалы ауданы ПБ-ға тіркелгенін хабарлады. Прокуратураның келісімі бойынша, оның бұрынғы күйеуі Н. күдікті деп танылған, содан кейін соттың санкциясымен қамауға алынды.

14 ақпанда Алмалы ауданының прокуратурасы қылмыстық істі соттың қарауына жіберді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 42 жастағы әйелге 2022 жылдың 8 қазанында сағат 23:00 шамасында Алмалы ауданында шабуыл жасалған. Әйел көптеген пышақ жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. 12 қазанға қараған түні ол қаза болды.

Кейінірек оның бұрынғы күйеуі күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама