07 ақпан 2022 | 11:44

Алматыда заңсыз қаруды тәркілеуге арналған операция жүріп жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Алматыда 7 ақпаннан бастап заңсыз сақталған қаруды іздестіру және тәркілеуге арналған "Қару" іс-шарасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 7 ақпаннан бастап заңсыз сақталған қаруды іздестіру және тәркілеуге арналған "Қару" іс-шарасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала полициясының басшысы Қанат Таймерденов іс-шараның мақсаты жедел жағдайды жақсарту, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу және оны ашу екенін айтты.

"Алматы полициясының жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне көшті. "Қару" жедел алдын алу іс-шаралары тіркелмеген қаруларды заңсыз айналымнан шығаруға мүмкіндік береді", - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, полиция іс-шара аясында қару сақталған ғимараттарда қауіпсіздік жүйесі бар-жоғы және оның қолданысы тексерілетінін айтты.

"Алматы полициясында қару қабылдау науқаны өтіп жатқанын еске саламыз. Заңсыз қаруы бар азаматтарға оны өз еркімен тапсыруға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте, қару мен оқ-дәрiлердi тапсырғандардың қандай да бiр қылмысқа қатысы анықталмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Сонымен қатар, заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырмаған азаматтар анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз", - деп түйіндеді Қанат Таймерденов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная