12 шілде 2022 | 09:20

Алматыдағы Alatau City тұрғын үй кешеніндегі атыс: куәгерлер оқиғаның мән-жайын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
© ktk.kz

Алматыдағы Alatau City тұрғын үй кешенінде болған оқиғаның мән-жайын куәгерлер айтып берді. Онда бір күн бұрын қаруланған ер адам атыс ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Alatau City тұрғын үй кешенінде болған оқиғаның мән-жайын куәгерлер айтып берді. Онда бір күн бұрын қаруланған ер адам атыс ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

"Біз қатты дыбысты естідік. Басында біреу петард атып жатқандай болды. Сосын көшедегі адамдар шулай бастады. Қару атып жатқанын түсіндім, терезеден қарасам, адам көп екен", - деп еске алады Ардақ Ермеков.

Реклама
Реклама

"Сағат 22.00 шамасында дүкеннен қайтып келе жатқанымда, орындықта отырған адамды байқадым, бірақ көзім нашар көретіндіктен қолындағы қаруды көрмедім. Үй табалдырығын аттаған сәтте, атыс естілді. Балконнан мылтық ұстаған сол кісіні көрдім. Пәтерде балаларым болды, бәрі қатты қорықты. Біз еденге жатып, оқ атқан адамды ұстағанға дейін екі сағаттан аса уақыт тұрмадық. Балалар жан ұшыра жылап жатты", - дейді Нұржамал Шәукерова.

Көршілердің айтуынша, қолында қаруы бар ер адам подъезден шығып, көлік тұрағын жағалап кеткен. Бір-екі минуттан кейін оқ атқан. Ол екі рет оқ атты: бірі ауаға, екіншісі бейнебақылау камерасына. Атыстан кейін күдікті тағы үш сағаттай аулада болған, содан кейін ұсталған.

Тергеушілер күдіктіні анықтап үлгерді. Ол 37 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты. Полиция мәліметінше, ер адам әйелімен жанжалдан кейін қолына қару алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная