23 ақпан 2022 | 17:24

Алматыдағы арнайы операция: қару-жарақ дүкендерін тонағандар ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Алматыда қару-жарақ дүкендерін тонауға қатысушыларды ұстау бойынша екі арнайы операция жүргізілді. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Facebook-те мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қару-жарақ дүкендерін тонауға қатысушыларды ұстау бойынша екі арнайы операция жүргізілді. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Facebook-те мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әбдірахманов арнайы операция нәтижесінде үш күдікті ұсталғанын, олардың екеуі - 25, біреуі 27 жаста екенін айтты.

"Ұрланған қарудың бір бөлігі "Достық" шағынауданындағы үйлердің бірінде, ал екіншісі Алматы облысы, Қарасай ауданы аумағындағы Жамбыл елді мекеніндегі үйлердің бірінен табылды. 5 қаңтарға қараған түні олар "Камерад" аңшылық дүкенін тонап кеткен. Қаскөйлер ұрланған заттарды үйдің жертөлесіне тығып, үстіне құм басып кеткен. Әртүрлі маркадағы 4 тегіс ұңғылы мылтық, автомат, 720 патрон, 5 аңшылық пышақ, арбалет, оптикалық көздеуіш және оқ-дәрі тәркіленді және қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдіктілер кінәсін мойындап, дүкенге қалай кіргендерін айтып берді", - деді ол.

Реклама
Реклама

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігі - қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ұрлау бойынша тергеліп жатыр. Бұл баптың санкциясында бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная