09 маусым 2023 11:27

Алматыдағы арнайы операция: кәсіпкерден ақша бопсалағандар ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:polisia.kz

Алматыда кәсіпкерден 2 миллион теңге бопсалаған "қылмыстық төрттік" ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтмеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда кәсіпкерден 2 миллион теңге бопсалаған "қылмыстық төрттік" ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтмеме жасап.

Арнайы іс-шара барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт ер адам ұсталды. Олардың үшеуі бұрын қарақшылық шабуыл, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша істі болғандығы белгілі болды.

"Күдіктілер физикалық күш қолданамын деп қорқытып, кәсіпкер 21 жастағы К. есімді азаматтан 2 миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған. Күдіктілер сұраған соманың бірінші бөлігін бірден алған, қалғанын табу үшін 20 күн уақыт берген. Бопсалау дерегі ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігімен тіркелді. Жедел және арнайы шаралар кешені жүргізілді. "Қылмыстық төрттіктің" қылмыстық әрекеттері құжатталды. Олар қылмыс үстінде ұсталды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес күдіктілер УҰИ-ға қамалды. Атыс қаруын заңсыз сақтау дерегі анықталды. Сараптамалар тағайындалды", — деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Реклама
Реклама

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram