04 қазан 2019 | 10:19

Алматыдағы балаларды "ұрлау" ісі: WhatsApp арқылы хабар таратқан адам видеоүндеу жасады

© Тұрар Қазанғапов

WhatsApp арқылы тараған жалған хабарламаның авторы ұсталды. Жалған ақпарат таратқаны туралы кешірім сұраған әйелдің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

WhatsApp арқылы тараған жалған хабарламаның авторы ұсталды. Жалған ақпарат таратқаны туралы кешірім сұраған әйелдің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мен жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіргенім үшін барша алматылықтардан кешірім сұраймын. Шынымды айтсам ақпарат әлеуметтік желіге тарап, бүкіл қаланы дүрліктіреді деп күтпедім. Кешіріңіздер", - дейді видео авторы. 

Реклама
Реклама

Жалған хабарламаның авторын полицейлер бір күн ішінде құрықтаған. 

"Хабарламаның авторы - 1991 жылғы Р., есімді азамат. Ол шын мәнісінде хабарлама авторы екенін мойындады. Р., бұл ақпаратты құрбысы айтқан екен. Қазіргі таңда оның іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 4 бабының 274-бөлігі бойынша зерттеліп жатыр. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді Алматы қаласы полиция департаментінің криминалдық бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Жанболат Зиадин.

Алматыдағы балаларды "ұрлау" ісі: Полиция пікір білдірді


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная