ПОДЕЛИТЬСЯ
31 шілде 2024 | 08:43
Алматыдағы ерлі-зайыптының өлімі: күдіктіге қатысты мәлімет белгілі болды
Алматының шетіндегі жекеменшік үйде қарт ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікті анықталды. Ол зейнеткерлердің қызымен бұрын бірге тұрған 46 жастағы ер адам болып шықты. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының шетіндегі жекеменшік үйде қарт ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікті анықталды. Ол зейнеткерлердің қызымен бұрын бірге тұрған 46 жастағы ер адам болып шықты. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көршілерінің айтуынша, қарт ата-ана қызының сүйіктісімен қарым-қатынасына қарсы болған. Ер адам жиі ішіп, жанжал шығаратын болған. Жұп жақында ғана ажырасқаны белгілі болды. Ал, ер адам бұрынғы сүйіктісінің отбасынан кек алуға бел буған көрінеді.
"Ата-анасы қызды бермеді. Әкесі оған тіпті қарсы болды. Өзі ішетін. Ол: "Мен Женяны жақсы көремін. Мен онсыз өмір сүре алмаймын" дейтін. Тамырын да кескен, қателеспесем, мен солай түсіндім. Мұнда учаскелік полицей келген", - деді көршісі Татьяна Дьячкова.
Ер адам қылмысты мұқият жоспарлаған. Күдікті көлігін жақын маңдағы көшеге тастап кеткен. Түнде ол үйге кіріп, зейнеткерді өлтіріп, одан кейін қарт әйелдің басынан ұрған. Ал қылмыстың ізін жасыру үшін үйді өртеп, қашып кеткен.
Алайда, бейнебақылау камераларынан қылмыскер анықталды. Ол 24 сағаттың ішінде ұсталды.
"Осы қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына жедел уәкілдер, қаланың криминалдық полициясы кірді. Нәтижесінде қысқа кезекшілік тәулікте күдікті анықталып, ұсталды", - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазір күдікті қылмыскер уақытша ұстау изоляторында отыр. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе мүлкі тәркіленіп өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также