ПОДЕЛИТЬСЯ
29 маусым 2021 | 16:41
Алматыдағы халықаралық арнайы операция: ҰҚК есірткі бизнесін ұйымдастырушыны ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық есірткі бизнесін ұйымдастырушыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық есірткі бизнесін ұйымдастырушыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының келісімі шеңберінде жедел-іздестіру шараларын жүзеге асырып, Ауғанстаннан Қазақстанға апиын контрабандасының тұрақты бизнесін ұйымдастырған трансұлттық есірткі құрылымының әрекетін анықтап, құрықтады", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Халықаралық арнайы операция нәтижесінде 15 маусымда Алматы қаласында 25 келі есірткі құралын тасымалдау кезінде есірткі трафигін ұйымдастырушы және Ресейде осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін Ресей Федерациясы ФҚҚ-сы іздеу жариялаған ер адам қылмыс үстінде ұсталды.
"Ер адам қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында Тәжікстан Республикасы азаматының жалған төлқұжатын пайдаланған.
Сонымен қатар, оның сыбайласы - Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Соталды тергеу материалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабы 4-бөлігі және 297-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркелді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также