09 маусым 2020 | 19:06

Алматыдағы қанды оқиға: әкесінің қолынан қайтыс болған келіншек жүкті болған

© pixabay.com

Алматыда ер адам қызы мен күйеу баласын атып, артынша өзіне қол жұмсады. Қайтыс болған келіншектің құрсағында сегіз айлық баласы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ер адам қызы мен күйеу баласын атып, артынша өзіне қол жұмсады. Қайтыс болған келіншектің құрсағында сегіз айлық баласы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция қанды оқиғаға қатысты кей ақпаратты мәлімдеді. 

Реклама
Реклама

"Әйел адамның аяғы ауыр болған, сегіз айлық баласы болған. Отбасының жағдайы жақсы болған. Көршілері де отбасын жаман жағынан көрмеген. Әкесі қызы мен күйеу баласымен жанжалдасып қалған. Оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз. Қару әкесінің атына тіркелген", - дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері. 

Айта кетейік, оқиға 8 маусымда Алматы қаласы, Түрксіб ауданында болған. Сейфуллин даңғылында 1951 жылғы ер адам 1987 жылғы күйеу баласымен және 1979 жылғы қызымен жанжалдасып, атып тастаған. Артынша ер адам өзіне қол жұмсаған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная