07 ақпан 2022 | 12:21

Алматыдағы қонақүйден ұялы телефон, пышақ, есірткі тәркіленді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Polisia.kz

Алматыдағы қонақүйлердің бірінен ұялы телефондар, пышақтар мен есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы қонақүйлердің бірінен ұялы телефондар, пышақтар мен есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері қаладағы қонақүйлердің бірінде 22 ұялы телефон, үш пышақ және есірткіге ұқсас зат салынған бума тәркіледі.

"Жаппай тәртіпсіздіктен кейін үш тұтқын, оның ішінде бір әйел осы ғимараттағы бөлмені жалдап тұрды. Бір нұсқа бойынша, пышақтар 5 және 6 қаңтарда тоналған қару-жарақ сататын дүкендерге тиесілі болуы мүмкін. Ал 22 ұялы телефон электроника дүкендерінен ұрланған болуы мүмкін. Сонымен қатар, ұнтақ түріндегі, ашық түсті және ерекше иісі бар заты бар полиэтилен байламы табылды. Ішіндегі затты анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды", - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Реклама
Реклама

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram