03 қараша 2020 | 16:20

Алматыдағы ірі жол апаты: жүргізуші жүк көлігінен секіріп кетті

Скрин видео

Алматыдағы Набережная және Дулати көшелерінің қиылысында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Набережная және Дулати көшелерінің қиылысында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігінің тежегіші істен шығып, жүргізуші көліктен секіруге мәжбүр болған.

Реклама
Реклама

Желідегі видеода жол апатының салдарын көруге болады.

"Жүк көлігінің тежегіші істемей қалды. Осында жүргізуші болды. Ол көліктен секіріп кетті. Жүргізуші жедел жәрдем көлігінде жатыр. Ол ауыр жарақат алды. Осындағының барлығын қиратып кетті", - дейді куәгер.

Алматы қаласының полиция департаменті жол апаты 3 қарашада сағат 12.00-де Бостандық ауданында болғанын хабарлады.

"1973 жылы туған North Benz жүк көлігінің жүргізушісі Дулати көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Набережная көшесінің қиылысында ол Nissan Maxima автокөлігіне соғылған. Салдарынан жүк көлігі жолдың шығыс бөлігіне шығып, электр бағанасына, жарнамалық қалқанға, аялдамаға, трансформаторлық қосалқы станцияға және үйлердің бірінің қоршауын қиратқан. Қоршау Toyota Land Cruiser көлігіне құлаған", - делінген хабарламада.

Nissan Maxima көлігінің 25 жастағы жүргушісі жүк көлігімен соқтығысқаннан кейін жолдың қарсы бетіне шығып, автотұрақтағы көлікті соққан.

"Бұл факт тергеліп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалады. Осының негізінде істің мән-жайы толық анықталады. Жол апаты салдарынан жүк көлігінің және Nissan Maxima-ның жүргізушілері зардап шеккен", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная