ПОДЕЛИТЬСЯ
02 наурыз 2022 | 14:57
Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде Түркістан облысының екі тұрғыны банкоматты бұзып, миллион теңге ұрлап кеткен
ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде күдіктілер қандай қылмыс жасағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде күдіктілер қандай қылмыс жасағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"6 қаңтарда Алматыда Түркістан облысының екі тұрғыны банкоматты бұзып, миллион теңге қаржы ұрлаған. Күдіктілердің кінәсі бейнежазба мен тергеу әрекеттері арқылы дәлелденді", - дейді Әділов ОКҚ брифингінде.
Одан бөлек, 8 қаңтарда Түркістан облысында бұрын ұрлық және тонағаны үшін сотталған екі жергілікті тұрғын ұсталды. Олар Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде техникалық сауда дүкенінен бес Canon фотоаппаратын, Acer ноутбугын, үш IPhone-12 және Samsung және Төле би көшесіндегі зергерлік дүкеннен 11 әшекейді ұрлап кеткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также