19 қаңтар 2022 12:50

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: қару-жарақ қоймаларын тонауға қатысқан ер адам ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото:polisia.kz

Алматыда қару-жарақ қоймаларын тонауға қатысқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қару-жарақ қоймаларын тонауға қатысқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұрын төрт рет сотталған, оның ішінде адам ұрлағаны үшін айыпталған 38 жастағы азамат Т. жаппай тәртіпсіздікке, қару-жарақ қоймаларын тонауға белсене қатысқаны анықталды. Оны криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Геологов көшесіндегі үйлердің бірінде ұстады.

Тінту кезінде ер адамнан бір ойық, екі тегіс ұңғылы мылтық және оқ-дәрілер тәркіленді.

Реклама
Реклама

Полиция қызметкерлері азаматтарды заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырады. Бұл ретте қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қандай да бір қылмысқа қатыспаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram